Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Сенбілік жұмыстарына мешіт жамағаты белсене қатысып, тазалық шарасына арнайы техника да жұмылдырылды.
Игі істің мақсаты – мешіт аумағында тазалық сақтау, көркем үлгі көрсету және жамағат арасында ортақ жауапкершілік пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі