Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды имамдарына сертификат табысталды
Қарағанды имамдарына сертификат табысталды

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес, Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен С санатындағы аудан және ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру семинарының емтиханы болып өтті.


Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысып, дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған  семинардың маңыздылығына тоқталды.


Арнайы емтиханды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Уағыз-насихат» бағытының жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейімбекұлы және «Діни оқу-ағарту» бөлімінің жауапты маманы Сұлтан Мауратұлы жүргізді.


Семинар барысында имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай мешіт қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында тәжірибелік сабақтар мен түсіндірме дәрістер өткізілген болатын.


Екі күнге созылған оқыту семинарының соңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы имамдарға арнайы сертификаттар табыстап, дін жолындағы сауапты қызметтеріне  сәттілік тіледі.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz