Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен Агротехникалық колледж студенттерімен кездесу өтті.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жастарға «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында дәріс өткізіп, дәстүрлі исламның құндылықтары мен радикалды көзқарастардың зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің діни сауаттылығын арттыру, рухани иммунитетін қалыптастыру және жастарды теріс діни идеологиялардың ықпалынан сақтандыру болды.