Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті
Қарағандыда имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті

  

ҚМДБ-ның  жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды  облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аудан, ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру  семинары өтті.

Оқыту семинарының негізгі мақсаты — ауылдық және шағын елдімекендердегі С санатындағы имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімін жетілдіру және қазіргі қоғам талаптарына сай мешіт қызметін дұрыс ұйымдастыру бағытында әдістемелік тәжірибе беру.

 

Аталмыш семинарды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары  ҚМДБ – ның Қарағанды  облысы бойынша «Уағыз-насихат» бағытының  жауапты  меңгерушісі  Бауыржан Мейімбекұлы  және  Қарағанды облысы бойынша «Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы жүргізді.

 

Семинарда ұстаздар «Құран Кәрім», «Фиқһ», «Ғибадат исламия» және «Хадис» пәндері бойынша дәріс жүргізді.

 

Сонымен қатар, имамның қоғамдағы рөліне, жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнатудың әдебіне, мешіт қызметіндегі жауапкершілік пен талаптарға кеңінен тоқталды.

 

Аталмыш семинардың мақсаты – имамдардың білімін тереңдетіп, рухани қызмет сапасын арттыру.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz