Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде қарттарға құрмет көрсетілді
«Бала қажы» мешітінде қарттарға құрмет көрсетілді


Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Қарттар күні қарсаңында мешіт жамағатындағы қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді.

Мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы ақсақалды аталарды арнайы шақырып, ақ дастархан жайды. Ол өз сөзінде:

«Бүгінгі жас буын еліміздің алтын қоры — қазыналы қарттарымызды әрдайым асыл тұтып, үлгі-өнеге алуы тиіс. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін қашанда ерекше. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне үнемі қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келесіздер. Алланың бұйрығына бойұсынуға бағыт-бағдар беруде де үлестеріңіз зор. Сіздерге мықты денсаулық, салиқалы ұрпақ және амандық тілейміз», — деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Мешітте жастар жамағаты мен ақсақалды аталардың арасында өзара тығыз байланыс орнап келеді. Осы бір татулық пен сыйластық үшін бас имам үлкендерге ризашылығын білдіріп, дініміздің игілігі жолында ауызбіршілік пен ынтымақтың арта түсуіне тілек білдірді.

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz