Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейлханұлының бастамасымен, үй жалдап тұрып жатқан мешіт имамдарына қолдау ретінде жаңа қызметтік үйлер салу жұмыстары қолға алынған болатын.
Бүгін Алланың қалауымен екі имамға арналған үйдің іргетасы құйылып, құрылыс жұмыстары басталды.
Жоспар бойынша үйлер толықтай көктем мезгілінде аяқталып, имамдарға табысталады деп күтілуде.
Аталған бастама мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың қауымға қызмет көрсетуін қолайлы етуге бағытталған маңызды шара болып табылады.