Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында атақты Жидебай батыр бабамыздың мазарына зиярат етілді. Бұл шараның мақсаты – батыр бабамыздың рухына тағзым етіп, оның ерліктерін жастарға үлгі ету болды.
Зияратқа мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы, мешіттің наиб имамы Түменбай Дархан, мешіт ақсақалы, жамағаты мен ақ жаулықты әжелер, сондай-ақ ерікті жастар тобы қатысты. Зиярат барысында алдымен Жидебай батырдың рухына арналып Құран оқылып, батамен басталды.
Шараның басты бөлігі – жастарға батырдың өмір жолын насихаттау болды. Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы Жидебай батырдың елге жасаған игі істері мен ерліктері туралы қысқаша мәлімет беріп, оның өмірі мен ерлігіне қатысты маңызды оқиғаларды баяндап берді. Имамның сөздері арқылы жастар бабаларының ерліктеріне терең бойлап, олардың рухын сезіне білді.
Бұл шара «Дархан дала» жобасының маңызды бір бөлігі ретінде рухани тәлім-тәрбие беруге бағытталған. Жастардың өткен тарихты құрметтеу арқылы ел болашағына сеніммен қарауға, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйренуі – осы зияраттың басты мақсаты болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы