Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы бастаған аймақ жамағаты су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге дұға жасады.
Сонымен қатар, қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттары бағышталды.
Айта кетейік, еліміздің Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында табиғи су апаты орын алған болатын. Жаппай жамағат болып дұға ету шарасы еліміздің барлық мешіттерінде жүзеге асуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы