Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұлттық құндылықтарға негізделген жәрмеңке болып өтті.
Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторы мен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұйымдастырылған шара барысында жәрмеңкеге келген қонақтар қолөнершілер мен коллиграфия шәкірттерінің еңбектерін тамашалады.
Кеш барысында мешіттің ақ жаулықты әжелер қауымы қазақы дастархан жайып, кештің сәнін кіргізді. Бұдан бөлек, тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып, бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Шараның басты мақсаты ата-дәстүр салтымызды жаңғыртып, жамағатқа насихаттау.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы