Center Image
IHSAN.KZ
«Қарағанды тау- кен индустриалды колледж»  студенттерімен кездесу өтті
«Қарағанды тау- кен индустриалды колледж»  студенттерімен кездесу өтті

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы «Қарағанды тау- кен индустриалды колледж»  студенттерімен кездесуде болып қайтты. Білім ордасының оқытушылары арнайы "Рухани  келісім  бірлікпен  тұрақтылық  кепілі" атты кешті ұйымдастырған.  Мақсат - рухани адамгершілік  құндылықтар  мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу өндірістік және қоғамдық  іс әрекеттерде іске асыру. Әлемде орын алып жатқан қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қойып, адамзат баласын татулыққа бастау, түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Нұржан Оңғарұлы өзінің үгіт, насихатында ұлтаралық достық қарым –қатынасты сақтау, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құру, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйрету, қоғамда  тұрақтылықты  сақтау қажеттігі турасында айтып өтті. Тәлім мен  тәрбиеде дінді қатар алып жүрудің маңыздылығына назар аударылды. Студенттер топтық, жұптық  суретпен жұмыс, сұрақ-жауап сяқты бірнеше әдістермен жұмыс жасады.  «Қырғыз бен  грузин айтысы» атты көрніс әсерлі көрсетілді. «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» атты көрмеге  шолуда кітапхана меңгерушісі А.О.Жұматаева бүгінгі  өтіліп  жатқан  тақырыпқа  сай  кітаптар мен газет  журналдардан  көптеген  мағлұматтар алуларына  және  кітапханаға  келіп  алып  оқуларын насихаттады.

«Қарағанды тау- кен индустриалды колледж»КММ кітапханашысы  Торғын Идырысова сөз кезегінде  студенттерге Қ. Жолдыбайұлының   «Дін мен  діл»  атты  кітабын  таныстырып,  оқуларын  шешімін  таппай  жүрген  сұрақтары  болса  осы  кітаптан  табатындарын   айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz