Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына жамағаттың спортпен шұғылдануына арналған спорттық жабдықтар орнатылды.
Атап айтқанда белтемірлер мен турниктер орнатылып, мешітке келушілердің игілігіне ұсынылды.
Сонымен қатар, айтулы күннің құрметіне орай мешіт шәкірттері мен жамағаты арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты жамағатты салауатты өмір салтына баулу және ауызбіршілікті нығайту.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы