«Қазыбек би» мешіті шәкірттері Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен өткен спорттық сайысқа қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты.
"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, аталмыш сайысқа қатысқан «Қазыбек би» мешіті шәкірттері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Қол күресінен» І орын, «Арқан тартудан» ІІ орын, «Кір көтеруден» ІІІ орынды иеленіп қайтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы