Center Image
IHSAN.KZ
«Мәуліт -тәлімі мен тағылымы мол ай» атты   мәуліт кеші болып өтті 
«Мәуліт -тәлімі мен тағылымы мол ай» атты   мәуліт кеші болып өтті 

 Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің  ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының  ұйымдастыруымен  әйелдер жамағатына «Мәуліт -тәлімі мен тағылымы мол ай» атты   мәуліт кеші болып өтті .

Қасиетті мейрамға орай ұйымдастырылған берекелі шараға  ақ жаулықты әжелер мен қыз - келіншектер құрметті қонақ болды. 

Берекелі рухани шарада Құран хатым дұғасы жасалып,  мешіт ұстазы Өзінің уағыз-насихатын айтып, кеш қонақтарына ыстық ілтипатын жеткізді. Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz