Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық- зомбылық: себептері және салдары» тақырыбы аясында отбасындағы әйел мен баланың құқығын қорғауға арналған уағыз насихат сағаты өтті.
ҚМДБ "Әйел қыздар" секторының тапсырмасы аясында өткен шараға діни сауат ашу курсында білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты.
Шара барысында мешіт ұстазы жиналған әйелдер қауымына отбасындағы түрлі мәселелер бойынша насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әйелдердің тарапынан туындаған отбасы мәселесіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы