Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен аймақтағы әулиелер мен діни қайраткерлердің кесенелерінде зиярат ережесін насихаттайтын тақтайшалар орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен халықты тарихи кесенелерді зиярат жасауда шариғат талаптарын ескеруге қатысты арнайы құжат қабылданған болатын.
Құжатты қабылдаудағы мақсатымыз – қоғамда зират көтеру мен зиярат жасау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.
Кесене маңдарына орнатылған тақтайшаларда қабір басында түнеуге, мәйіттен пана сұрауға, ойнап-күлуге, әзілдеп-қылжақтауға, тауап етуге шариғатта тыйым салынатыныдығы ескертілген. Сонымен қатар, қабірде жатқан кісіге табыну – зиярат жасаудың түпкі мақсатына қайшы екендігі түсіндірілген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы