Center Image
IHSAN.KZ
Абайда мектеп оқушыларымен кездесу өтті
Абайда мектеп оқушыларымен кездесу өтті

   Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Ақмағамбет Мурсали аудандық №1 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. 

Кездесуде   жат ағымның алдын алу, дін мен дәстүр, ихсан ілімі тақырыптары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында түрлі адасушы ағымның арбауына алданбау жолдары айтылып,  дәстүрлі дін мен ағымдардың аражігін айтып өтті. 

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары өте әсерлі және түсінікті болды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz