Center Image
IHSAN.KZ
Әлихан Бөкейхан ауданындағы жаңа мешіттің қазығы қағылды
Әлихан Бөкейхан ауданындағы жаңа мешіттің қазығы қағылды

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы облысқа қарасты Әлихан Бөкейхан ауданындағы  жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.

Қазіргі уақытта аталмыш ауданда бой көтеретін құлшылық ордасының сыйымдылығы 200 адамға арналған.

Салтанатты іс-шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері қатысты.

Облыс бас имамы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.

«Мешіт – күллі жақсылықтардың тоғысқан мейірімділік мекені. Адам баласы мешіттен рухани күш алып қана қоймай, білім алады. Алла Тағала баршамызды осы мешіттің ашылуында жүздесуді жазғай. Жаратушы Иеміз осы мешітті халықтың игілігі мен бірлігіне қызмет етуін нәсіп еткей», – деді облыс бас имамы Өз сөзінде.

Мешіт жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың қаржылай көмегі негізінде салынады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz