Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті ауласына 25 түп ағаш отырғызылды
«Бала қажы» мешіті ауласына 25 түп ағаш отырғызылды

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына жиырма бес түп ағаш отырғызылды.

Игі шараға мешіттің дін қызметкерлері қатысты.

«Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір тал ексе, ол жеміс бергенше Алла Тағала міндетті түрде оған сауап жазады» деген. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратылыстарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа» делінген. Біз жамағатты қоршаған ортаны қорғап, ағаш отырғызуға үндеп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз» деп атап өтті Махмұд Нұрұлы өз сөзінде.

Еске сала кетейік, Діни басқарма әрдайым қоғамды тазалыққа, айналамызды таза ұстауға, табиғатты қорғауға, көптеп көшет отырғызуға үндеп келеді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz