Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне жаңадан тағайындалған аймақ әкімі Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы жергілікті «Иса Молла» мешітіне ат басын бұрып, өңірдің діни ахуалынан хабар алды.
Аймақ басшысын мешіт имамы Азамат Серікұлы қарсы алып, аймақтың тыныс-тіршілігінен хабар берді.
Одан кейін өңір басшысы Ағадыр кентіне көршілес Доңғал станцияда өткен рухани басқосуға қатысты. Сондай-ақ, аймақта жүзеге асқан зират тазалығына халықпен бірге қатысып, сауапты іске ат салысты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы