ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Ихсан-әдеп негізі» атты рухани отырыс өтті.
Рухани шарада мешіт ұстаздары Бағдат Шәкенқызы және Ақниет Дәуірғалиқызы жиналған әйелдер жамағатына «Ихсан ілімінің дініміздегі орны» тақырыбында уағыз-насихат айтып, көркем-мінездің кемелдікке әсерін баяндады.
Одан кейін, жиналған кеш қонақтарына сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Отырыс соңында жамағат көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы