Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» түсіндірілді
«Төлеутай ата» мешітінде «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» түсіндірілді

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінде  «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты әйелдер жамағатына арналған семинар болып өтті.

«Төлеутай ата » мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен өткен шараға мешіттің шәкірттері мен қыз-келіншектері қонақ болды.

Іс-шара барысында «Әлеуметтік желі мәдениеті», «Әлеуметтік желідегі мұсылман әйелдің сөйлеу, киім кию әдебі», «Әлеуметтік желідегі шындық және жалған ақпараттан сақтану» сынды өзекті тақырыптар қозғалды.

Рухани кеш соңында семинарға жиналған әйелдер қауымы мешіт ұстазына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz