Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбы аясында отбасындағы әйел мен баланың құқығын қорғауға арналған уағыз насихат семинары өтті.
Рухани шара мешіт ұстаздары Бағдат Шәкенқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында мешіт ұстаздары жиналған әйелдер қауымына отбасындағы түрлі мәселелер бойынша насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әйелдердің тарапынан туындаған отбасы мәселесіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы