Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен әрі мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының мұрындық болуымен әйелдер жамағатына арналған мәуліт кеші болып өтті .
Қасиетті мейрамға орай ұйымдастырылған берекелі шараға аймақтың ұстаздары мен дін қызметкерлері, ақ жаулықты әжелер мен қыз - келіншектер құрметті қонақ болды.
Шараны ұйымдастырып, игі істің басы-қасында жүрген «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлы берекелі рухани шарада Құран хатым дұғасын жасап, Өзінің уағыз-насихатын айтып, кеш қонақтарына ыстық ілтипатын жеткізді. Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.
Мешіт найб имамы Нұржан Оңғарұлы «Пайғамбарымыз Мұхаммед с а с сипаты» тақырыбында уағыз айтты.
Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы