Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт оқылды.
Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері бұл айтулы күні жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті. Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.
Аталмыш іс — шараға «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Қоныскерей Құмарұлы, Дархан Асылтайұлы қатысып, аймақ тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Бұдан кейін мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. Шара барысында «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд Нұрұлы және облыстық мешіттен келген имамдар Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін де көркем түрде жеткізді.
Кеш барысында мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды.
Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы