Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде апталық басқосу өтті
«Әл Машани» мешітінде апталық басқосу өтті

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде жамағаттың бірлігіне арналған  «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясындағы апталық бас қосу өз жалғасын тапты.

Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас беріліп, бірлік пен татулық жайында  уағыз-насихат айтылды.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзге жуық мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz