Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті жамағатына ауызащар дастарханы жайылды
«Төлеутай ата» мешіті жамағатына ауызащар дастарханы жайылды

  Қасиетті мәуліт айының келуіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа апталық дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастырып, ихсан құндылықтарын насихаттап, жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында мешітте әр алуан іс-шаралар қолға алынуда. Соның бірі – апталық дастархан. Яғни, әр аптада бір рет дастархан басында бас қосып, діни құндылықтарды насихаттау үрдісі қайта қолға алдынды.

Шараға мешіт имамы Серік Аманбайұлы арнайы қатысып, жамағатты мәуліт айының келуімен құттықтады. Сонымен бірге, ауыз ашар дастарханында басы қосылған ағайынға берекелі айдың қасиеті мен құндылықтары жайлы насихат айтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz