ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 06:00-де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлық мейрамда мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы