Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұма күні сауда-саттық жасаудың үкімі...
25 қараша, 2022 жыл 1947 Басып шығару нұсқасы

      Құран Кәрімде жұма намазы кезінде жұмыс істеуге, сауда-саттық жасауға қатысты: «Ей, адамдар! Жұма күні намазға шақырған кезде сауда-саттықты тастап, дереу Аллаһ Тағаланы еске алуға жүгіріңдер. Егер білсеңдер бұл сендер үшін қайырлы. Намаз оқыған соң жер бетіне таралыңдар, Аллаһ Тағаланың сыйынан нәсіптеріңді іздеңдер. Аллаһ Тағаланы көп зікір етсеңдер табысқа жетесіңдер» делінеді («Жұма» сүресі, 9-10-аяттар).

Аяттан ұққанымыздай, жұма намазынан бұрын және кейін жұмыс істеуге, сауда-саттық жасауға еш тыйым жоқ. Бірақ жұма намазы парыз болған адамдар жұма намазы уақытында сауда-саттықты қойып, мешітке келулері керек. Сол себептен, жұма намазын оқу парыз болмаған адамдарға сауда-саттығын жасай беруіне болады. Ал жұма намазы парыз болған адамдарға жұма уақытында сауда-саттық жасау – харамға жақын мәкрүһ. Алайда сауда-саттығынан түскен пайдасы оған адал болып есептеледі. Осыған байланысты, жұма намазын оқу міндет болған адамның орнына жұма намазы парыз емес адамды қойып кетуіне болады (Ибн Абидин, Хашияту Рәддил-Мұхтар, ІІІ, 161).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары