Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №92835 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілерімен «Радикалды алдап арбаудың құрбаны – ол кім?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында радикалды идеологияның қоғамға төндіретін қаупі кеңінен түсіндіріліп, жұмысқа қабылдау кезінде деструктивті ықпалдан қорғану тәсілдері сөз болды. Сонымен қатар, интернет желісінде, әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын экстремистік идеялардың алдын алу жолдары мен одан сақтану тетіктері жан-жақты қарастырылды.
Жиын барысында қатысушыларға әлеуметтік желілердегі алдап арбау тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы пікір алмасу өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы