Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен шаһар көлемінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл игі шараға мешіт жамағаты, жалынды жастар және қала тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, айнала қоқыстан арылып, табиғатқа жанашырлықтың жарқын үлгісі көрсетілді. Бірлік пен ынтымақты ту еткен жамағаттың бұл әрекеті – қоғамға үлгі боларлық тағылымды іс болды. Әрбір қатысушы жүрек қалауымен атсалысып, сауапты істен шет қалмай, ортақ мақсат жолында жұмыла білді.
Мұндай шаралар тек қоршаған ортаны тазартумен ғана шектелмей, адамдардың бойында жауапкершілік, жанашырлық және бірлік секілді асыл қасиеттерді қалыптастырады. Теміртау тұрғындарының ауызбіршілігі мен белсенділігі – қаланың көркеюіне бағытталған нақты қадамдардың айғағы.
Алла Тағала осы игі бастамаға ұйытқы болған барша азаматтардың еңбегіне береке беріп, жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарғай!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы