Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы «Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Тағылымды жиын барысында имам жастарға жат ағымдардың зияны мен оның қоғамға тигізер кері әсері жайында кеңінен түсіндіріп, дәстүрлі діннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жастарды теріс идеологиялардан сақ болуға шақырып, дұрыс діни білім алудың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы