Center Image
IHSAN.KZ
Ақбұлақ ауылдық мешітінің жамағатымен кездесу өтті
Ақбұлақ ауылдық мешітінің жамағатымен кездесу өтті

Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Ақбұлақ ауылдық мешітіне арнайы барып, жамағатпен жүздесті.

Кездесуде ауыл тұрғындарымен еркін сұхбат өрбіп, өңірдің діни ахуалы кеңінен сөз болды. Имам мешіттің тазалығы мен тәртібіне назар аударып, ондағы рухани-ағартушылық жұмыстардың барысымен танысты.

Сондай-ақ, жамағатқа имандылық, бірлік пен ізгілік жайында насихат айтып, көкейдегі сауалдарға тұшымды жауаптар берді. Кездесу соңында ауыл халқы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz