Center Image
IHSAN.KZ
Мұхаммед Пайғамбарға қылыш тақаған адам
Мұхаммед Пайғамбарға қылыш тақаған адам

Күндердің күнінде Пайғамбар (с.а.у.) әскерімен жорыққа шығады. Бір уақытта мұсылмандар шамалы тынығып алайын деп тал астын көлеңкелейді. Сол кезде бір тайпа өкілі қылышын Пайғамбарға тақап:

– Енді сені менен кім құтқарады?-деп дауысын көтеріп бажылдайды. Пайғамбар (с.а.у.):

– Мені тек Алла ғана құтқарады!-дейді. Кенет әлгі адамның қолы дірілдеп, қылышы жерге түсіп кетеді. Пайғамбар (с.а.у.) дереу қылышты алып оның мойнына тақап:

– Енді сені менен кім құтқарады?-деп өзінен сұрайды. Ол:

– Ешкім,-деп жарылқауын сұранады. Пайғамбар (с.а.у.) оны жайына қойып босатып жібереді. Әлгі адам тайпасына қайтып, адамдарды жинап:

– Ей, халқым, мен адамдардың ішіндегі ең көркем мінезді жанның қасынан келдім,-деп Пайғамбарды (с.а.у.) жақсы сипаттап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы   


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz