Center Image
IHSAN.KZ
Неге адам жаман әдеттерді тез қабылдайды?
Неге адам жаман әдеттерді тез қабылдайды?

Бірде шәкірттері қарт ұстаздарына келіп:

«Неге адам жаман әдеттерді жылдам меңгереді де, жақсы әдеттерді қиын меңгереді?»-деп сұрайды.

Сонда қарт ұстаз:

 


  • Егер сау дәнді күн көзінде қалдырып, бүлінген дәнді топыраққа көмсе не болады? – деп сұрақтарын сұрақпен қайырады.

  • Топырақсыз, күн көзінде қалдырылған дән өледі. Ал топыраққа көмілген, бүлінген дән өсіп, өнімсіз жеміс береді, масағы әлсіз болады – деп жауап қатады шәкірттері
  • Сонда қарт ұстаздары:
  • Адамдарда осылай жасайды. Жақсы істерді жасырын жасап, жақсы әдеттерді жүректеріне сіңіргеннің орнына, оны елдің бәріне жариялайды. Сөйтіп өз-өздерін құртады. Ал өздерінің кемшіліктері мен күнәларын басқалар көріп-білмес үшін жан дүниелерінде терең жасырады. Сол кемшілік пен күнәлардың дәні адам жүрегінде өсіп, үлкейіп, адамның рухын, жан дүниесін зақымдайды – деген екен.

  •  





     
  •  
  •  


 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz