Center Image
IHSAN.KZ
«Жусан» операциясының кейіпкерлерімен сұхбат болды
«Жусан» операциясының кейіпкерлерімен сұхбат болды

 

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде «Жусан» операциясы арқылы Сириядан қайтарылған екі әйелмен Павлодар  қалалық мешіт жамағаты кездесу өткізді. Кездесуге өңірлік баспасөз өкілдері де қатысты.

Сөз басында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы: «Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының әлемнің қай қиырында жүргеніне қарамастан олардың тағдырына қашан да алаңдайды. Ел билігі іске асырған «Жусан» операциясының нәтижесінде туған елге оралған қандастарымыз бүгінде мемлекет қамқорлығында. Осындай адасушылықтың алдын алу мақсатында жерлесіміз Толғанай және Әсем атты екі қызымызды сіздермен жолықтырып отырмыз. Екеуі де Баянауылдық, екеуі де 28 жаста, олар жат ағым жетегіне кетіп, соғыс өрті  қайнап жатқан ошағында болып,  адасудың ауыртпалығы мен қиыншылықтарын  бастарынан өткерді»,-дей келе сөз кезегін Толғанай мен Әсемге берді.

Қарындастарымыздың екеуі де қазақ және орыс тілінде жақсы сөйлейді, қазақ орта мектебін тәмамдаған екен. Бірақ күйеулері дінде адасушылықта жүргендіктен солардың ықпалымен жат жұртқа адасып барғанын, ондағы соғыс зардабы,  көрген қиындықтары туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Толғанай мен Әсем келесі кезекте мешіт жамағатынан және журналистерден қойлыған көптеген сұрақтарға жауап берді. Әйелдер еліміздегі бейбітшіліктің, мамыражай тіршіліктің қадірін уақытында түсінбегендігін, діни са­уаты төмен болғандықтан, арбауға түсіп қалғандығын айтып көзіне жас алды.

Сұхбат соңында  ел мен жерге деген құрмет, тәубе мен сабыр, дін және иман тазалығы жайында насихат айтылып, Алла адасушылықтан сақтасын, тура жолдан тайдырмасын деп бата жасалды.

Дереккөз: Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz