Center Image
IHSAN.KZ
НАМАЗДА ИМАМ ҚАТЕЛЕССЕ
НАМАЗДА ИМАМ ҚАТЕЛЕССЕ

Имам намаз ішіндегі парыз немесе уәжіп амалды кешіктірсе немесе ұмытып жатса ұйып тұрған ер кісілер «субхана Алла» деп тасбих айтуы, ал әйелдер қол соғып белгі беруі сүннет. Сонымен бірге, намаз оқушыны біреу байқамай алдын кесіп өтпек болса және т.б. сол сияқты кедергінің алдын алу үшін де намазхан тасбих айтып ескерту қажет.
Әбу Һурайра (р.а.): «Ер кісілер «субхана Алла» деп айтады, ал әйелдер қол соғады[1]»,-деген риуаят жеткізген. Ал, Саһл бин Сағд (р.а.): «Анығында, әйелдер қол соғады, ал ер кісілер тасбих («Субхан Алла» деп) айтады», – деген хадис риуаят еткен.+

Қол соғуға қатысты екі түрлі нұқсау бар:
1. Тасфих (қол соғу) – оң қолдың сыртымен сол қолдың алақанын ұру;
2. Тасфиқ (шапалақ) – оң қол алақанын сол қол алақанына ұру.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz