Center Image
IHSAN.KZ
Неке қиярда неге екі куәгер болады десем...
Неке қиярда неге  екі куәгер болады десем...

     Екі куəгердің болуы Үйлену дегеніміз – екі жұпқа белгілі құқық пен міндеттерді жүктейтін, харам мен адалдың аражігін ажырататын шара болғандықтан, оның көпшілікке жария етілуі тиіс. Қиылған некеге екі куəгердің қатысуы шарт. Куəгерлердің саны Құранда былай деп айтылған: اﻟﺸ ﱡﻬ ﺪَ اء َ ِ ﻣ ﻦِ َ ﺗ ﺮَ ﺿْ ﻮ َ نْ َ ﻣ ﻤِ ا ﱠﻦ ﻣ ﺮْ أَ ﺗَ ﺎنَ ِ و َ ﻓ ﺮَ ﺟَ ﻞُ ٌ ر ﺟَ ﻠُ ﯿَ ﻦْ ِ ﯾ ﻜَ ﻮﻧ ُ ﺎَ ﻟ ﱠﻢ ْ ﻓ ﺈَ نِ ر ِ ﱠﺟﺎﻟ ﻜِ ﻢُ ْ ﻣ ﻦِ ﺷ ﻬَ ﯿﺪ ِ ﯾَ ﻦْ ِ و اَ ﺘْ ﺸَ ﻬْ ﺪِ وا ُ «Екі ер адамды куəгер етіңдер. Егер екі ер адам болмаса, өздерің куə ретінде құп көретін бір ер кісі мен екі əйел жеткілікті»[35]. Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисінде де: ﺑ ﺸِ ﻬُ ﻮد ُ ٍ إ ﻻِ ﻧ ﱠ ﻜِ ﺎح َ ََ «Неке тек қана куəгерлердің қатысуымен іске асады»[36], – деген. Бірақ бұл куəгерлер ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған жандардан таңдалады. Сөз түсінбейтін мас немесе керең кісілер куəлік беруге жарамсыз. Сондай-ақ, мұсылман дінінен тыс кісілер куəлік ете алмайды. Бірақ, мұсылман жігіт христиан немесе яһуди дінін ұстанатын қызбен отасып жатса, куəгерлер сол діннің адамдары болуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ некеге қатысқан куəгерлер екі жұптың ризашылығын білдіріп келіскендерін естуі керек.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz