Center Image
IHSAN.KZ
Көз тиюге қарсы дем салу
Көз тиюге қарсы дем салу

Айша (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ маған көз тиюге қарсы дем салдыруымды бұйыратын», – деп айтқан (Муслим).

Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Алла Елшісі ﷺ Хазмның отбасына жылан (шаққанға) қарсы дем салуға рұқсат етті. Сондай-ақ ол (бірде) Әсмә бинт Ғұмайстен: «Неге мен бауырымның балаларының денелері арық екенін көремін, олар ауырып жүр ме?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ, бірақ оларға көз тиіп жүр», – деді. (Сонда Пайғамбар ﷺ) «Оларға дем салдыр», – деді», – деп айтқан. Мұнда Пайғамбарымыздың ﷺкөкесінің ұлы Жағфар ибн Әбу Талибтің (оған Алла разы болсын) балалары туралы айтқан.


(Әсмә бинт Ғұмайс): «Мен (балаларымды Пайғамбарға (ﷺ) көрсеткен едім, ол: «Бұларға дем салдыр», – деп айтты», – деген ( Муслим).

Пайғамбардың (ﷺ) жұбайы Умму Сәләмәдан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі (ﷺ) әйелі Умму Сәләмәның үйінде бір қыздың бетінен теңбіл дақ көріп: «Бұған көз тиіпті, дем салдырыңдар», – деген. Яғни ол (қыздың) бетінде сарғыш реңк бар еді (Муслим).


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz