Center Image
IHSAN.KZ
Әбу Бәкір Баррактың өкініші
Әбу Бәкір Баррактың өкініші

Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран кәрім үйренуі үшін баласын медресеге береді. Бір күні баласы медреседен  түрі қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазреті Әбу Бәкір Баррак:

 

- Балам, не болды саған,  өңің қашып кетіпті ғой?! - деп сұрайды. Баласы:

- Әкетай! Бүгін медреседе Құран кәрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» («Мүзәммил» сүресі, 17-аят) деген  аятты оқыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, - деп жауап қайтарады.

 

Сол күннен бастап баласы қатты уайымдап төсек тартып жатып қалады да, арадан көп уақыт өтпей  дүние салады. Хазреті Әбу Бәкір Баррак перзентінің қабірін зиярат ете тұрып:

 

- Мен қаншама уақыттан бері Құранды оқып келемін. Бірақ, о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым не болмақ!? Нендей өкініш! - деп қайғырған екен.

Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінің Бас имамы Асқар Мейрамбекұлы

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz