Center Image
IHSAN.KZ
Намаз үстінде телефон шырылдаса, не істеу керек?
Намаз үстінде телефон шырылдаса, не істеу керек?

Бүгінгі заманауи технологиялардың жақсы жағымен қатар, құлшылыққа кедергі келтіретін тұстары да бар. Соның ішінде жамағат намазы кезінде өзіне де, өзге мұсылмандарға да кедергі келтіріп, шынайы құлшылықтан айыратын қалта телефондары. Сондықтан да осындай келеңсіздіктерді болдырмас үшін, мына ережеледі ескерген жөн:

  • Мешітке кірмес бұрын, телефоныңыздың дауысын басу. Имамдар қанша жерден ескерту жасағанымен, көпшілігі көңіл бөлмейді.
  • Егер телефонымызды өшіруді ұмытқан болсаңыз және құлшылық кезінде қоңырау келіп жатса, өзге мұсылмандардың тыныштығын бұзбас үшін лезде өшірген дұрыс.
  • Сондай-ақ телефонға даңғұр-дұңғыр өлең емес, табиғаттың, құстардың дауысы сияқты нейтралды әуен қойған жөн болады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz