- «Пайғамбар (с.ғ.с) түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде ояу болатын (яғни, намаз оқитын)» (Бірауызды сахих хадис).
- «Пайғамбардың (с.ғ.с) түнде жастанып ұйықтайтын жастығының іші құрманың шашақтарымен толтырылып, сырты теріден жасалынған еді. (Имам Ахмад риуаяты).
- «Пайғамбардың (с.ғ.с) ұйықтайтын төсегі сырты теріден, ал іші құрманың шашақтарынан болатын» (Имам Ахмад риуаяты).
- «Айша (р.а): «Уа, расулалла! Үтір оқымай ұйықтайсыз ба?» - деп сұрағанда ол (с.ғ.с): «Менің көздерім ұйықтағанымен жүрегім ұйықтамайды», - деген» (Сахих хадис
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ﷺ ҰЙҚЫСЫ ЖАЙЛЫ ХАДИСТЕР
