Center Image
IHSAN.KZ
30 періште сауап жазатын дұға
          30 періште сауап жазатын дұға

Кейде бізге ұсақ-түйек болып көрінетін дүниенің өзі үлкен пайда әкелуі мүмкін. Сол себепті де өмірде кейін өкініп қалмас үшін әр нәрсеге аса мән берген абзал. Себебі мүмкіндік пен уақыт қайта берілмейді. Осындай дүниеге Алла елшісінің қысқа дұғасын  жатқызуға болады. Бұл дұға үшін Алла Тағаланың қатарынан отыз періштесі сауап жазады екен.

Руфа бин Рафи’ (р.а) бірде Алла елшісінен кейінгі қатарда намаз оқып тұрып, Алла елшісінің "Рәббана уә ләкәл хамд" дегенінен кейін: «Хамдан касиран таиййбан мубаракан фих» (О, Рабби! Барлық жақсы, таза мен игі мадақтар тек Саған ғана» деген дұғасын естиді. Намазын аяқтағаннан кейін Алла елшісі осы дұғаны кімнің айтқанын сұрап, содан кейін: «Оқылған дұғаға сауап жазу үшін отыз періште өзара сайысады», - деген екен.

Алла елшісі  үнемі өз үмбеті үшін уайымдап, оларға неғұрлым пайдалы іс-әрекеттерді үлгі етіп қалдыруға тырысқан. Бұл қысқа дұға да басқа қарапайым сүннеттері сияқты рухани тұрғыдан аса зор мәнге ие.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz