Center Image
IHSAN.KZ
Сапарда сүннет намазын оқымаса бола ма?
Сапарда сүннет намазын оқымаса бола ма?

Исламда 4 мәзхабта да жолда сүннет намазын оқыған дұрыс. Сүннетті жол үстінде де тастамаған жан үлкен сыйға кенеледі. Имам Ғазали өзінің «Ихья» кітабында: «Жолда болдым екен деп сүннет намазды оқуды тоқтатпа. Оны тастағаныңның зияны, сапарыңнан келетін пайдаңнан да асып түседі», - дейді.

Ал парыз намаздарын қысқартып оқуға болады. Бірақ, сүннеттерін қалтқысыз орындауға тырысқан абзал. Сондай-ақ шариғат сүннет намазын ат үстінде, көлікте кетіп бара жатып та оқуға рұқсат еткен.

Әл-Бұхариден келген сахих хадисте: «Алла елшісі ﷺ сүннет намазды жануардың үстінде келе жатқанда да оқыған, ал парызды орындау үшін жерге түскен».


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz