Center Image
IHSAN.KZ
ЖҰМА НАМАЗЫ ПАРЫЗ БОЛҒАН КҮН
ЖҰМА НАМАЗЫ ПАРЫЗ БОЛҒАН КҮН

Пайғамбарымызға (ﷺ)  әу басында Мекке қаласында тұрғанда, жұма намазын оқу міндеттелмеген еді. АллаТағаланың бұйрығымен Меккеден Мәдине қаласына көшіп бара жатқан жолда, жол - жөнекей Құба ауылына аялдаған болатын. Төрт - бес күн аялдап, осы ауылға мешіт соғады. Сосын Жұма күні Құбадан шығып, тау арасындағы Салим ибн Ауфұлдарының аңғарына келіп жетеді. Сол кезде Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (ﷺ)  жұма намазының парыз болғанын айтып, ең алғашқы жұма намазын оқиды. Осылайша Алла елшісі (ﷺ)  жұма намазының парыз болғандығын жариялады. Алла елшісінің (ﷺ)  кезеңінде имам мінберге шыққанда азан шақырылып, сонан соң намазға тұру үшін қамат айтылатын. Бұл үрдіс Әбу Бәкір (р.а.) мен Омардың (р.а.) халифаттық кезеңіне дейін жалғасын тапты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz