Center Image
IHSAN.KZ
ЖӘННӘТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН АМАЛДАР
ЖӘННӘТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН АМАЛДАР

Айша (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Алланың Күрсісіне ілулі тұрған туыстық байланыстар былай дейді: «Алла бізді ұстанғандарға сауап береді де, бізді ұстанбағандарды Өзінен алыстатады» (Бухари, Муслим). Олай болса, Аллаға жақындататын амалдырдың бірі – туыстық қарым-қатынасты нығайту екен. Абу Айуб Халид бин Зайд аль-Ансари (р.а.) былай деді: «Бірде бір адам Пайғамбарға (ﷺ) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме көмектесетін бір амал айтшы», – деді. Пайғамбар (ﷺ): «Аллаға құлшылық ет те Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынсты ұстан»,– деді (Бухари, Муслим).  

Біз сахабалардың өмірінен сабақ алуымыз қажет. Пайғамбарымыздың (ﷺ) көрсетіп кеткен жолымен әрекет қылған сахабалар әсте қателеспеген. Анас (р.а.): «Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Алланың елшісі (ﷺ) таза суынан ішуге жиі келіп тұратын. Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» - Абу Тальха Алла елшісіне (ﷺ) келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Алла Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді», – ал менің ең сүйікті нәрсем, ол Байрақа, сондықтан ол Алла жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі (ﷺ): «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді (Бухари, Муслим).  

Ағайынмен аралас-құралас болуы қазақ үшін жат емес. Тек соны үзіп алмай, ары қарай жалғастырып, ұрпаққа өнеге ету керек. Сальман бин Әмір (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейге садақа беру ол тек қана садақа, ал туысқанға көмектесу ол екі нәрсе – садақа және туысқандық қарым-қатынасты ұстану»  

(Ат-Тирмизи).

 

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы, Шет ауданы


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz