Center Image
IHSAN.KZ
Алла мен шайтанды сұраған Абайға Мәшһүрдің ұтымды жауабы
Алла мен шайтанды сұраған Абайға Мәшһүрдің ұтымды жауабы

Абай атамызға Мәшһүр Жүсіп атамыз сәлем бере келсе керек. Сонда Абай:

"Мәшһүр деген атыңды естіп едім, сұрақ қояйын, сұрағыма жауап бер" - депті.

"Ия, қойыңыз", - деген екен Мәшһүр.

"Онда Алла қайда, шайтан қайда", - депті Абай атамыз.

"Алла менің жүрегімде, шайтан сіздің тіліңізде", - деген екен сонда Мәшһүр Жүсіп атамыз іркілместен.

Абай қатты риза болып, жеке үй тіктіріп, құда күткендей күтіп, сыйлап жіберіпті. Кейін үйіндегілердің "бір ауыз сөзіне бола мына жігітке осыншама құрмет көрсеттіңіз, оның не сыры бар" дегеніне Абай атамыз:

"Сендер түсінбеген шығарсыңдар, мына жігіт шынымен Мәшһүр деген атқа лайық екен, Алла жүрегімде дегені расымен адам Алланы жүрегімен таниды, ал Алла қайда деген сұрақты тілге шайтан салады" деген екен.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz