Center Image
IHSAN.KZ
БАЙЛЫҒЫНАН СЫНАЛҒАН ПАЙҒАМБАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ
БАЙЛЫҒЫНАН СЫНАЛҒАН ПАЙҒАМБАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ

Ибраһим (ғ.с) пайғамбар өте бай болған. Оның мұншалықты байлығын көрген періштелер Алла Тағаладан:

–     Иә, құдіретті күшті Құдайым! Оған осынша байлықты бергенің үшін сүйікті құлдарыңнан қылдың ба? – деп сұрайды.

–     Жоқ! Мен оның жүрегіндегісін білемін! Егер қаласаңдар, барып тексеріп көрсеңдер болады, – деді Алла Тағала.

–     Сөйтіп Жәбірейл бастаған бір топ періштелер жолаушы болыр Ибраһим (ғ.с.) пйғамбарға келеді.

–     Таудың етегінде жайылып жүрген отар қойларды көріп, Жәбірейл (ғ.с.) Ибраһим пайғамбардан        (ғ.с.):

–     Кімнің қойлары?, - деп сұрайды.

–     Олар Аллаға тиесілі, ал біз тек керегімізге жаратамыз, – деп жауап берді пайғамбар (ғ.с.)

–     Біз зәру жандар едік. Бізге бір қойыңды бере аласың ба?, – деп сұрайды Жәбірейіл(ғ.с.).

–     Егер сендер Алланы мадақтайтын зікір айтсаңдар керектеріңді беремін, – дейді.

–     Періштелердің айтқан зікірі, Ибраһим пайғамбардың (ғ.с) бұрын естіп жүргендеріне мүлдем ұқсамады.

–     Оған қатты ұнап қалып, періштелерге қайта айтқызады да, малының үштен бір бөлігін береді. Іле-шала әлгі зікірді тағы да қайталатқызады да, дәл сондай мөлшерде қой береді. Оның сұрауымен үшінші рет айтқанда пайғамбар (ғ.с) малын түгелдей бере салады.

Сонда періштелер:

–     Біз періштелерміз, сенің сыйға бергеніңнің ешқайсысына мұқтаж емеспіз, – деп үн қатады.

Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) берген жауабы:

–     Маңызды емес! Алла разылығы үшін берілген мүлік қайтарылып алынбайды. Малдарды сатып, түскен қаражатты игі істерге жұмсаңдар. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz