Center Image
IHSAN.KZ
НАУҚАС ЖАНДАРҒА ОРАЗА ҰСТАУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
НАУҚАС ЖАНДАРҒА ОРАЗА ҰСТАУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ислам діні науқас жандарға ораза ұстауды міндеттемейді. Яғни олар ораза парызынан босатылған. Бірақ ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру-уәжіп. Бұл міндет ауруының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілерге арналған. Созылмалы дертке шалдыққан кісілердің де ауыз бекітпеулеріне болады. Ал егер, аз уақыт ауырып қалған болса (мысал үшін суық тию, тымаурату, т.б.) оразасын қаза етіп, кейін қазасын өтейді. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады.  Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Алла Тағала: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,-деген.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz