Алланың хақ діні болған Исламды күннен-күнге өзге дін өкілдері қабылдауда. Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітінде орыс ұлтынан болған Карина есімді азаматша Ислам дінін қабылдады. Мешітке өз ерік-жігерінің жетегінде келген Карина қарындасымызға "Бала қажы" мешітінің Бас имамы Нұров Махмуд қажы Нұрұлы кәлима айтқызып, Ислам құндылықтарынан мәлімет бере отырып, оны мешіттегі қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсынан тұрақты сабақ алуға шақырды.
Алла тағала баршамызға өзінің разылығын алатын амал істеуімізді және пенделеріне тура жол нәсіп етсін! Әмин.
Ислам дініне қош келдіңіз!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы