Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖАНТАЛАС» ШЫҒАРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖАНТАЛАС» ШЫҒАРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Жанталас» бөлімі талқыланды.

Іс-шара барысында мешіт имамы шығарманың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталып, мешіт ұжымына кітаптың негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін түсіндірді.

Мешіт қызметкерлері шығарма төңірегінде пікір алмасып, ондағы елдік, ерлік, бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын кеңінен талқылады.

Рухани шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани танымды кеңейту, ұлттық тарих пен әдебиетті насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz